«Шапка». 800 мың теңгелік пальто. Айфон 15. Жаңа заң тендердегі түйткілдерді жоя ма?

Елдегі жемқорлық деректерінің 80 пайызы мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асады деген ақпарат бар. Бұған иланбасқа шара жоқ. Себебі тендердің тырнақшаның ішіндегі «тәртібі» мен бір көзден сатып алудың қандай жымысқы әрекеттер арқылы жүзеге асатынын сіз де, біз де бір кісідей білеміз. Президент заңдағы олқылықтарды түзетуді 2022 жылы тапсырған еді. Депутаттар 9 ай бойы толғатып, маңызды құжатты таяуда Президентке жолдады. Мемлекет басшысы оған қол қойды. Жаңа заң нені қамтыды, нені қалыс қалдырды?