Ұлттық құрылтай: 5 заң қабылданды

Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым. Қоғамдық диалогты нығайта түсу үшін жасалған қадам. Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда, Ұлттық құрылтайға ешкім той тойлап, әңгіме-дүкен құру үшін келмейді. Келешекте де ондай болмайды. 

Алғашқы алқалы жиын ұлт ұясы - Ұлытауда, екінші басқосу түркі бесігі - Түркістанда, үшінші құрылтайдың жиыны Жайықтың жағасындағы Атырау атырабында өтті. Үш отырыста да еліміздің дамуына серпін беретін, қоғамның еңсесін тіктейтін маңызды бастамалар көтерілді. Емен-жарқын талқылаулар болды. Айтылған ұсыныстардың біразы заңнама жүзінде бекіді. Өзгерістерді ел азаматтары қай салада болмасын байқап, сезініп үлгерді.