Тасқыннан зардап шеккендерге үйдің кілті беріле бастады
Еліміз үлкен табиғи апатты бастан өткергеніне де бес айдан асты. Осы аралықта Президент күзге дейін зардап шеккен тұрғындарды тентіретпей, басыбайлы баспанамен қамтуды тапсырған еді. Сол уақыттан бері құтқару пунктерін жағалаған жұртшылықтың алды өз үйлерінің кілтін иелене бастады.