Қазақстандағы тапшы мамандар мәселесі қалай шешілмек?

Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптада жолдаған жолдауында тоқталған негізгі бағыттары бұл. Президент Үкіметке жаңа міндеттерді жүктемес бұрын, өткен сессияда жүргізілген жемісті жұмыстарды жіпке тізді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданған. Қоғамдық бақылау және адам саудасына қарсы күрес, ғылым мен технология саясатын, жылу электрикасы сияқты басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді.