Екінің бірі юрист, экономист. Жұмысшылардың қадірін қалай арттырамыз?

Еңбек адамдары қоғамда қадірлі болуы керек. Маңдай терімен тапқан табысы лайықты бағалануы қажет. Ұлттың сапасын арттыратын да, мемлекетті алға сүйретін де солар. Биыл ғана емес, Мемлекет басшысы әр Жолдауында жұмысшы мамандықтардың қадірі артуы керек дегенді жиі айтады. Президенттің бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып бекітілді.