Ерекше балаларға сабақ беретін ерекше ұстаз
Әр таңның атысы Әділ үшін жаңа мүмкіндік. Жаңа өмір. Көру қабілетінен айырылған жас ұстаз өзін ешқашан қоғамнан бөлектеген емес. Сол үшін де әр күн мектепке, оқушыларына асығады...
Әділ Ерланұлы Астанадағы №10 мектеп-лицейінде екінші жыл жұмыс істеп жатыр. Мамандығы дефектолог. Бірақ Әділ оқушыларына ұстаз ғана емес, сырлас, мұңдас дос. Жөн сілтеп, бағыт-бағдар беретін жанашыр аға да бола біледі.