Квадроберинг қауіп пе, спорт па?

Қазір біздің қоғам жаңа трендке аса мән беріп жүрген жоқ. Тіпті кейбірі жаңа жыл қарсаңындағы ертеңгіліктерде киетін костюмдерден айырмашылығы жоқ дегенді алға тартады. Бірақ ол кездегі бетперделер бірер сағатпен шектеледі, ал квадробердің қаупі адами құндылықтардан алыстатады.