1 шаршы метрі - 1,2 миллион: Перизат Қайраттың аста-төк мүлкі

Өткен аптада «Біз біргеміз» қозғалысының басшысы Перизат Қайраттың ұсталғаны туралы жаңалық күллі елді дүр сілкіндірді. Тасқын кезінде елден жылу жинап, одан кейін Палестинадағы жағдайға шыр-пыр боп жүрген еріктінің бейнесін ешкім ұмыта қойған жоқ. Құзырлы орындар қор басшысы 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат жымқырған деп айыптап отыр. Қаршадай қыз қайырымдылықтан түскен қаражатқа үлде мен бүлдеге оранып өмір сүрген.