Мүгедек ұл-қыздарға қандай мүмкіндіктер бар?
Әлемде Әбілмансұр секілді бала өте көп. Соңғы жылдары тіпті күрт жиіліген. Кейбір деректерге сүйенсек дүниежүзінде әрбір 800 баланың бірі Даун синдромымен дүниеге келеді. Бұндай жандардың ақыл-ой дамуы кейбірінде жеңіл, кейбірінде ауыр дәрежеде бұзылған. Синдромы бар бүлдіршіндердің жүрек ақауы, бұлшықеттің бос болуы, аутизм, сал ауруы секілді тағы түрлі қосалқы дерттері болады. Бірақ Зәмзәгүл Ахметжанова басына түскен жағдайдан соң жасыған жоқ. Сынақты сабырмен еңсеріп келеді.