Аралды қайтару мүмкін бе?

Сыр өңірінің арда тумасы Еркін Әуелбековтің Арал теңізі туралы жарты ғасыр бұрын айтқаны, айтса айтқандай-ақ. 60 жылдардағы ақ айдыннан қалған көрініске қарап, қазір күрсінбеске шара жоқ... Бұрын аралдықтар ауылдың шетіне шыға сала ау салатын. Балығы тулаған, шағаласы шулаған Аралдан қалғаны қазір қиыршық құм, тұзды сор. Ширек ғасыр ішінде бір ұрпақтың көз алдында жер бетінен аумағы 6 млн гектарға созылған, тереңдігі 69 метр теңіздің жоғалып кетуі – адам баласы сенбейтін жағдай.