ENU 30: арманнан ақиқатқа

Елорда төрінде бой көтерген Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – білім мен ғылымның, арман мен мүмкіндіктің тоғысқан қасиетті мекені. Бұл қара шаңырақ – талай жастың үлкен өмірге қанат қаққан, болашаққа нық қадам басқан алтын бесігі. Уақытпен үндескен университет қабырғасында сапалы білім мен саналы тәрбие қатар өріліп, ел ертеңін айқындайтын білікті мамандар қалыптасуда. Мұнда әрбір аудитория – ізденістің ордасы, әрбір студент – тәуелсіз елдің үміті. Ғылым мен жаңашылдықты серік еткен оқу орны халықаралық деңгейде мойындалып, әлемдік білім кеңістігінде өз орнын айшықтап келеді. Ұстаздар тәжірибесі мен жастар жігері ұштасқан бұл мекен – табысқа бастар даңғыл жол. Ал тарихы тереңде.