Арнайы репортаж. Медициналық сақтандыру

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» - түркиялықтар үшін бұл тәмсіл өмірлік қағидаға айналғалы қашан. Өйткені бүгінгі медицинаның техникалық әлеуеті артып жаңғырғанымен, қызмет ақысы да барынша шарықтап тұр. Дәрігерге көрініп6 ем-дом қабылдаудың өзі екінің бірінің қалтасы көтере бермейтін жағдайға жетті. Мұны есепке алған Түрік үкіметі медицина саласына бірқатар өзгерістер енгізіп, күрделі реформаларды іске асырып жатыр.