Көкжиекті кеңейткен күре жолдар | Арнайы репортаж
Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрсе – соқпақ, ал мың адам жүрсе жол болады. Міне дәл осы принциппен біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда Ұлы Жібек жолы қалыптасты. Ол Шығыс пен Батысты, яғни Қытай мен Жерорта теңізі арасындағы ұлан-ғайыр атырапты жалғады. Ел мен елді жақындастырып, сауда-экономикалық, мәдени қарым-қатынасты жандандырды.
XXI ғасыр. Ақпараттық технологиялар дәуірі. Заман талабына сай, керуен жолдары жаңа сипатқа ие болған. Жүк - әуе, теңіз, темір жол және автомагистральдар арқылы тасымалданады. Бүгінгі шығарылымда Тәуелсіз Қазақстанның транзит саласындағы әлеуетіне тоқталып, тас жолдары қалай өзгергенін көрсетеміз.