Елде жылыту маусымы басталғалы 900-ден астам өрт тіркелді

Жылыту маусымы басталғалы елде 900-ден астам өрт тіркелді, деп хабарлайды 24kz.

Онда 28 адам мертігіп, 41тұрғын мерт болды. Әсересе, жеке үй-жайларда тілсіз жаумен күресу қиын болып тұр. Себебі тұрғындардың дені жылыту құрылғыларын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын көрінеді. Мұны Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді. Құтқарушылар қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бүгін бас қалада рейд жүргізді. Олар тұрғындармен тілдесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін тағы бір рет еске салды.

Мадияр Мырзагелдиев, Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

- Жыл басынан бері елордамызда 635 өрт тіркелген. Оның ішінде 255-і тек жеке тұрғын үй секторында. Жыл сайын ТЖД қызметкерлерімен жоспар жасыланады. 15 тамыздан 15 сәуірге дейін профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Бірінші кезеңде әлеуметтік осал топқа жататын отбасылармен өткізіледі. Одан кейін жатақханаларды өткізіледі.