Арнайы репортаж. Ақтөбе облысы: ұлт саулығы – ел байлығы

data.eventworld.cz

Тәуелсіздік жылдары елімізде 1300-дей медицина мекемесі салынған екен. Оның ішіде Ақтөбе облысында 120 жаңа нысан бой көтерген.

Тек соңғы 5 жылда 26 мекеме пайдалануға берілді. Олардың барлығы да заманауи озық технологиямен жабдықталды. Өңірде денсаулық сақтау саласы жақсы дамып келеді. Тың емдеу әдістерін енгізу арқылы халықтың орташа өмір сүру жасын ұзарту мүмкін болды. Ендігі Ақтөбеде медицина кластерін құруға болады дейді мамандар. Толығырақ өңірдегі меншікті тілшіміз Ақсәуле Байменшинаның репортажында.