Қазақстанда жеке тұлғалар өзін банкрот деп жариялай алады

Арнайы заң былтыр наурыз айында күшіне енген. Содан бері 10 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды. Бірақ өтініш бергендердің 80 проценттен астамы құжатты дұрыс толтырмаған немесе талаптарды түсінбеген. Сол себепті кірістер комитетінің өкілдері оларды кері қайтарған.