Мерзімі өткен несиенің төлемін қалай азайтуға болады?
Екінші деңгейлі банктерден немесе микроқаржы ұйымдарынан кредит алғандар уақытылы төлем жасай алмай, қиналып жатады. Ондай кезде қаржы ұйымдарынан жасырынуға болмайды. Менеджерлер телефон шалғанда міндетті түрде жауап беріп, мән-жайды түсіндіру керек. Не болмаса банк бөлімшесіне барып, жай-жапсарын айтып беріңіз. Мерзімі өткен несиенің төлемін азайту үшін өтініш жазуға болады. Қаржы ұйымдары тарапынан оған ешқандай шектеу жоқ.