Қолма-қол ақшасыз төлем жасау жиіледі
Кейінгі жылдары қазақстандықтар төлем жасау үшін банктердің мобильді қосымшаларын көбірек пайдаланатын болды. 2023 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өскен. Осы күні алты жастан асқан балалар да қолма-қол ақшасыз төлем жасайды. Ата-аналардың 41,4%-ы балаларына карта рәсімдеген.