Кәсіпкерлерге мемлекет қандай қолдау көрсетеді?

Шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Жеке кәсіппен айналысып жатқан азаматтардың саны 2 миллионға жуықтады. Олар 4,5 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – елдегі еңбек етуге қабілетті азаматтардың 45 пайызы. Былтыр өңдеу өнеркәсібі, білім беру, денсаулық сақтау, көтерме және бөлшек сауда салаларында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артқан.