Кепілгер болатын адам нені білу керек?
Қарыз алушылар көбінесе үлкен соманы ұзақ мерзімге қарызға алады. Өйткені сол уақыт ішінде оның қаржылық жағдайы өзгеруі мүмкін. Мысалы, адам жұмысынан айырылуы, ауырып қалуы немесе қарызын төлей алмауы мүмкін. Тәуекелдерді азайту үшін банк қарыз алушылардан ақшаны міндетті түрде қайтаратыны туралы қосымша кепілдік беруді талап етеді. Мысалы, жеке немесе заңды тұлғадан кепілгерлік алуды ұсынады. Ондай кезде нені ескеру керек?