Қазақстанда «Voice Beyond Horizon» жобасы түсіріліп жатыр
Елде «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасы түсіріліп жатыр. Байқау Димаш Құдайбергеннің бастамасымен және Қытай компаниясымен әріптестік аясында қолға алынған. Өнер бәйгесі қос елдің арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, туризм саласында ерекше маңызға ие болмақ.
Димаш жанкүйерлері Нью-Йоркте жиналды
АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әйгілі әншінің концертін асыға күтіп жүр. Олар Нью-Йорктегі Times Square алаңында бас қосып, кештің аңдатпасын алып экраннан тамашалады.
«Асыл мұра» этнофестивалі
Қазақ радиосы ұлттық дәстүрімізді ұлықтады. Радио күні қарсаңында елордада «Асыл мұра» этнофестивалі ұйымдастырылды. Онда жеті қазынамыздың символы саналатын жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт дәріптеліп, қолөнер шеберлерінің ою-өрнекпен әсемделген бұйымдары насихатталды.
Ғалым О. Смағұловтың 95 жасқа толды
Қазақтан шыққан тұңғыш антрополог Оразақ Смағұлов 95 жасқа толды. Мерейтойға орай елорадада «Ғасыр,тұлға, ғылым» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.