Түркістан | Дархан дала

Оңтүстік Қазақстанның облыс орталығын Түркістанға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына бірнеше жыл болды. Осы аралық ішінде шахардың бірегейлігін оның ерекше мәдениеті мен елдің саяси және рухани орталығы мәртебесін қайтару үшін көп жұмыс жасалды. Бұл бағыттардың аймақтағы туризмнің дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Ашық дереккөздердің мәліметінше бір жылда Түркістанға 1,5 миллионға жуық адам келген, соңғы бірнеше жылда туристер ағыны 5 есеге артқан. Облыс тарихи және мәдени нысандарға бай. Туризм басқармасының ақпараты бойынша, өңір аумағында 1 754 тарих және мәдениет ескерткіші орналасқан, оның ішінде бір халықаралық маңызы бар нысан.

 

«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.