Еліміздің ең шуақты қаласы - Шымкент | Дархан дала
Еліміздің ең шуақты қаласына саяхатымыз жалғасуда. Шымкентте туристерді қызықтыратын көптеген орындар мен нысандар бар, олар әдемі тарихи ғимараттар, заманауи сәулет өнерінің жауһарлары, таңғажайып табиғи нысандар, бірегей мұражайлар, дәмді мейрамханалар, бақылау алаңдары мен саябақтар. Бірақ, бүгін біз Оңтүстік мегаполиске саяхатпен байланысты нысандардан алшақтап, көпшілік біле бермейтін жерлермен сіздерді таныстырмақпыз.