Ертіс жағалауында орналасқан Семей қаласы | Дархан дала

Мұнда Ұлы Абай мен Шәкәрім өмір сүрді, Достоевский жер аударылып. алашордалықтар: Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов және басқалар елдің қамын жеп, жоспар құрды. Ертіс жағалауында орналасқан Семей қаласы ата-бабалар философиясын бойына сіңірген шаһар. Біз Абай облысының орталығына қаланың дене шынықтыру және спорт бөлімінің шақыруымен келдік, оның құзыретіне Жаңа облыс орталығының туризм мәселелері де кіреді екен. Бүгін қалалық туризм нысандарымен танысамыз, ақпараттық турымыз Семей бойынша экскурсиядан басталды.