Бөрелі - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған жері. «Бөрелі - қасқырлардың апаны» деген мағынаға саяды. Бұл аймақты Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесінде сипаттаған.