Семей орманын қалпына келтіру үшін жарты ғасырдай уақыт қажет | Экосана

Семей орманындағы алапат өрт кезінде табиғи резерваттың 60 мың гектары отқа оранған. Енді өртенген аумақты қалпына келтіру үшін кемінде жарты ғасырдай уақыт қажет. Апаттың себебі мен салдары әлі нақтылана түседі. Бірақ бұл төтенше жағдай саладағы бірқатар олқылықтың бетін ашты. Соның бірі- тозығы жеткен техника.