Қар барысы жойылып кетуі мүмкін

Адам аяқ жетпес қияқ шыңды мекендейтін қар барысы әлемнің 12 мемлекетінде ғана бар. Тұмса табиғаты бүлінбеген, тұнығы лайланбаған жерде ғана кездесетін кербез аң. Киелі жыртқыш қазақ жерінде де қоныс еткен. Бірақ кейінгі жылдары саны екі есеге кеміп кетті.