Түркістан қаласы статистика басқармасының басшысы Ренат Ибрагимов
Қазақстан Президентінің 2018 жылғы Жарлығымен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып қайта құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында 12 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 300 млрд-қа жуық теңгенің өнімін өндірген. Облыстағы Turkistan арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарында көптеген инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 2025 жылға дейін маңызды жобаларды іске асыру нәтижесінде өңір экономикасына 2 триллион теңгеден астам инвестиция бағытталатын. Осындай көрсеткіштер мен деректерді жүйелеп, халыққа ұсынатын бүгінгі кейіпкеріміз жұмыс істейтін статистика басқармасы.