Мұхтар Сабаев: Шымкентке 6 айда 25 мыңнан астам турист келді

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шағын және орта кәсіпкерлік құрайды. Мегаполисте құрылыс индустриясы, машина жасау, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, текстиль өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және басқа да өндірістік салалар қарқынды жұмыс істеуде. Ал 2025 жылға қарай әкімдік жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осындай алып шаһарда қызмет істейтін Мұхтар Сабаев бүгінде қаланың дамуы мен өркендеу жолында талай істі тындырған.