Су тасқынынан зардап шеккен Мәртөк ауылының бүгінгі ахуалы қандай?

Былтыр елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды. Мыңдаған адам баспанасыз қалды. Үкімет тарапынан 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлкі зақымданған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілген болатын. Осы тілсіз жаудың зияны Мәртөк ауылына да тиген еді.