Kaspi.profit платформасында табыс табуға уәде беретін бейнеролик таралуда
Әлеуметтік желілерде Kaspi.profit платформасында табыс табуға уәде беретін бейнеролик таралуда. Журналист әрбір азамат айына 2 миллион теңгеден астам табыс таба алатынын баса айтады. Спикерлердің бірі Kaspi.kz негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким ретінде таныстырылады. Жарнама Kaspi басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің сөзімен аяқталады. Бейнеролик шынайы сұхбаттардың үзінділері арқылы жасалған.