Қазақстанда мессенджерлердегі аккаунттарды бұзу жағдайлары жиілеп кетті
Қазақстандықтар арасында мессенджерлердегі аккаунттарды бұзу жағдайлары жиілеп кетті. Таныстары мен туыстары адамдарға ақша аударуды сұрап жазады. Facebook қолданушыларының бірі алаяқтардың өтінішіне анасы мен қызы сенгенін, олар алаяқтарға 140 мың теңгеден аударғанын айтты.