Саяхат. Ақмешіт үңгірі
Таудың әрбір қыртысы тарих беттеріндей қаншама құпияны ішіне бүгіп жатқаны рас. Солардың бірі Ақмешіт әулие үңгірі. Киелі мекен Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Әктасты жыныстар қабатында пайда болған үңгір Шымкенттен шамамен 60 шақырым жерде. Табиғаттың тамаша сыйы аталып кеткен бұл үңгірдің ерекшелігі неде? Ел аузында қандай аңыз бар? Бізбен бірге саяхат жасаңыз.