Қазақстан мен Сербия инвестиция саласындағы серіктестікке серпін береді

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның бірнеше еліне сапарлап барды. Әр сапардың астарында саяси мүддеден өзге елге қаржы тарту, ірі бизнес өкілдерін Қазақстанға шақыру мақсаты бар. Бұл жолы да инвестиция мәселесі күн тәртібінен түскен емес.