«Жасыл экономика». Елімізде қоқыс полигондарының 93%-ы заңсыз пайда болған

alashainasy.kz

Елімізде қоқыс полигондарының 93%-ы заңсыз пайда болған. Бұл жағдайдың оңалуына «Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы әсер етуі тиіс.

Айта кетейік, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бір жыл ішінде әзірлеп шығарған бағдарламасы бұл ғана емес. Елімізде 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істей бастады.