Кабинет. Сайран Бұқанов

Қостанай облысында тек бидай егіп қана қоймай, майлы дақылдар өсіріп отырған агрофермалар бар. Соның бірі «Қарқын» серіктестігі.

Бұл жерде асылтұқымды ірі қара мен жылқы да көбейіп келеді. Ал былтырдан бастап  қаз өсіру ісі қолға алынды. «Кабинет» бағдарламасының жүргізушісі Дархан Әбдуахит осы серіктестіктің жетекшісі, Қазақстанның Еңбек ері Сайран Бұқановпен егістік алқаптарын әртараптандыру тақырыбында әңгіме өрбітпек.