Олимп. Ат спортынан неге кенже қалдық?

Ат спортының Олимпиада бағдарламасына қосылғанына 116 жыл болды. Сәйкесінше ондағы 3 бірдей спорт түрінен қалыптасқан өзінің дәстүрі, ережелері және фавориттері бар.

Өкінішке орай ат құлағында ойнаған біз үшін әзірге ол жерден медаль алу бұйырмай тұр. Мамандар оны лайықты жылқы өсіру жолға қойылмағандығымен байланыстырады. Себебі жетістіктің 80 пайызы ойыншы тізгіндеген астындағы сәйгүлікке байланысты. Жалпы елімізде отандық ат спортының бүгінгі беталысы қандай? Арнайы мектептерде шәкірттерді бұл спортқа қалай баулиды? Онымен кәсіби тұрғыда айналыса бастаған жастарымыз қанша? Мамандар бұл жайлы не дейді?