Олимп. Регби немесе «жаяу көкпар»

Қазақ регбиінің бүгінгі жайы қандай? Дүниежүзілік рейтингте Қазақстан бұл спорт түрі бойынша нешінші орында? Қазіргі регби ойыншыларының олимпиадалық деңгейге жету уақытын мамандар қанша жылға топшалайды?

Қазақстанға бұл ойын түрін Мұрат Ұланбаев деген азамат әкелген. Жерлесіміз 20 жылға жуық Кәрі құрылықтағы миллиондаған жанкүйердің кумирі болған. Кейін регбиге «жаяу көкпар» деген балама атау беріп, 90-шы жылдардан бері ол елімізде дамып келеді. Оның көкпарға теңелуі бекер емес. Қазандықтың орнында – қақпа, серкенің орнында – доп. Оның ережесінде де дөрекі соққыларға рұқсат етілген. Биылдан бастап Рио Олимпиадасының бағдарламасына енген бұл спорттың еліміздегі қарқынын осы шығарылымда толығырақ тарқатамыз.