Қазақстанда жасалған. Отандық жаңа өндіріс орындары

Қос дөңгелек, қағаз өнімдерін шығаратын зауыттар, Петропавл трактор зауыты, тез әзірленетін тағам өндіру кәсіпорны, мұнай құбырларын кесу зауыты мен мотор майлар өндірісі. Мұның бәрі елімізде бастау алып жатқан жаңа өндіріс орындары.

Елордада индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа жобаларды іске қосуға арналған жалпыұлттық телекөпір өтті. Онда 4 мың жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 30 жаңа жоба бастау алып, 8 нысан онлайн режимде салтанатты түрде іске қосылды. Елімізде жаңадан ашылған отандық өндіріс орындары жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.