Олимп. Отандық велоспорттың дамуы қалай?

Велотрек Олимпиададағы ең көп медаль сарапқа салынатын спорттың бірі. Бағдарламада оның 10 түрі бар.

Аса ептілік пен көп дайындықты қажет ететін бұл спорттың біздегі дамуы қалай? Еліміз араға 12 жыл салып жалғыз Олимпиада лицензиясына қол жеткізді. Азия мен Әлем чемпионаттарындағы қазіргі көрсеткішіміз Олимпиадада медаль алуға себепкер бола ма?