Медицина. Тарылған көмейге операция жасау

Адамға ең бірінші денсаулық керек. «Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ» деген мақал осыған дәлел. Біздің бағдарламада көпшілік біле бермейтін бірегей операциялар мен медициналық тексерулер өткізуге мүмкіндік беретін отандық медицинаның жетістіктері жайлы әңгімелейтін боламыз. Сіздерге медицина саласындағы елеулі жаңалықтарды айтып, денсаулыққа қатысты күрделі сұрақтарыңызға жауап табуға көмектесеміз. 

Бұл шығарылымда Қазақстанда алғаш рет көмейдің тарылуына жасалған бірегей операция туралы айтып береміз. Операцияны Астанаға осы мақсатпен арнайы келген итальяндық профессор Роберто Пукседо жасады.

Сондай-ақ бағдарламамыздан онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңінде анықтайтын жаңа әдіс туралы және міндетті медициналық сақтандыру туралы білетін боласыздар.