Заң жобасы. Халықтың әуедегі қауіпсіздігі
Жүздеген жолаушының тағдыры әуе көлігін тізгіндеген ұшқышқа байланысты. Жолаушылар өміріне алаңдаушылық білдірген депутаттар азаматтық авиацияға қатысты мәселені Мәжіліс отырысында қызу талқылады. Ең алдымен олар назарын ұшқыштардың денсаулығына аударды. Егер ұшқышқа қатысты анықталған дерт жасырылып, оған ұшуға рұқсат берілетін болса дәрігер жауапқа тартылады. Толығырақ осы шығарылымда.