Заң жобасы. Республикалық бюджет
Келер жылы республикалық бюджет шығыны 8,5 трлн теңгені құраса, кіріс көлемі 4,3 трлн теңге болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды. 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы ағымдағы жылдың тамыз айында бекітілген еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының 5 жылдық болжамы негізінде әзірленген. Аймақтардың экономикасының жақсаруын дамытуды ынталандыратын шараларды қолға алу керектігін депутаттар бұған дейін де бірнеше мәрте айтқан болатын. Олар ел қаражатының басым бөлігін әлеуметтік жүйеге бағыттауды құптап отыр.