Медицина. Мерзімінен бұрын туған балаларға қандай күтім керек?

www.rtve.es

Бұл бөлімде мерзімінен бұрын дүниеге келген ең кішкентай сәбидің салмағы небәрі 500 гр болған. Мұндағы дәрігерлер сәбилердің өмірі үшін күн сайын күреседі. Адам өміріне қауіп төнгенде олар үшін әрбір секунд қымбат. Сондықтан ақ халаттылар жедел шешім қабылдауы тиіс. Мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелер реанимация және қарқынды терапия бөлімінде шу мен жарықтан сақтайтын арнайы инкубаторларда жатады. Тыныс алу жүйесі әлі де жетілмегендіктен жасанды желдету аппаратына қосылады. Бүгінгі шығарылымды біз неонатология тақырыбына арнаймыз.