Медицина. Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу

www.aztecaamerica.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын қатерлі ісікке 14 млн адам шалдығады екен. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш күніне 100 адамға жетіп отыр. Олардың ішінде сүт безінің қатерлі ісігі жетекші орында. Бұл аурудың қалыптасуына алып келетін бірнеше фактор бар. Оған гормоналды дәрі-дәрмекті пайдалану, темекі шегу және алкоголь ішімдіктеріне құмарлық, бала босанбау немесе кеш босану, сүт безінің зақымдануы және тағы көптеген жағдайлар әсер етеді. Алайда мамандар бүгінде ауруды анықтаудың бірнеше жолын ұсынады. Толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.