Медицина. Операция жасаудың тың тәсілі
Тіліксіз жасалатын операциялар. HАIFU-терапия тәсілі елімізде 2010 жылы енгізіліп, бүгінгі таңда Ұлттық медициналық орталықта кеңінен қолданылып келеді. Мұнда жасалып жатқан операцияны дәрігер HАIFU аппараты арқылы мониторда басқарып, бақылайды. Ол арқылы бауыр не болмаса басқа да ағзадағы ісіктерді алып тастауға болады дейді мамандар. ТМД елдері ішінде әзірге Украина, Ресей және бізде ғана бар. Операция жасаудың тың тәсілі жайлы бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.