Олимп. Әйелдер хоккейі

www.linkedin.com

Хоккей – нағыз ерлердің ойыны деген тіркесті түрлі сайыстарға қатысып жүрген өжет қыздар түбегейлі өзгертті. Бүгінде әйелдер хоккейі мықтап бір жолға қойылған және мұнда да алдына жан салмайтын оннан астам ел бар. Қазақстан құрлықтық деңгейде бірінші. Әсіресе 2011 жылы Алматыда өткен Азиада ойындарын ұмыта қоймадық. Бұрымды хоккейшілеріміз барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Олимпиадалық іріктеуде фавориттер қатарындамыз. Қазір бір ғана мақсат алға қойылып отыр. Ол өзімізде өтетін Универсиада. Қыздарымыздың оған дайындығы қалай?