Медицина. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киім үлгілері
Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп ассоциациясы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киім үлгілерінің коллекциясын ұсынды. Қазақстанда мұндай киім тігу желісі алғаш рет ұсынылып отыр. Қазіргі күні арнайы тігілген киімдерді әр түрлі жағдаймен қозғалу мүмкіндігі шектеулі 600 мыңнан астам қажет етеді. Олардың тігілуі өзгелерден несімен ерекшеленеді? Қандай материалдар қолданылады?