Агросектор. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың оқу-өндірістік цехы
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті озық білімді енгізу арқылы агроөнеркәсіптік комплекстің бәсекелестік қабілетін арттыру жолында еңбек етіп жатқан оқу ордаларының бірі. Сөзімізге дәлел бүгігі таңда университет ішінде ашылған оқу-өндірістік цехтар. 2015 жылдан бастап университет басқа 11 негізгі жоғары оқу орындар қатарында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына кадрларды даярлайды. Бүгінгі таңда ауылшаруапшылық машиналарын жасау және азық-түлік өндірісі астаналық агротехникалық университеттің жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Оқу орны жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.