Г.Ферхойген: Әлемнің ең дамыған 30 елімен терезе теңестіруге Қазақстанның мүмкіндігі зор
Елбасының жаңа Жолдауы Қазақстанның әлеуетін әлемдегі жетекші экономикалардың қатарына қосуға үлкен септігін тигізеді.
Осындай пікірмен Еуропа комиссиясының экс-президенті Гюнтер Ферхойген арнамызға берген сұхбатында бөлісті. Оның ойынша, әлемнің ең дамыған 30 елімен терезе теңестіруге Қазақстанның мүмкіндігі зор.
Гюнтер Ферхойген, Еуропа комиссиясының президенті (2004-2010):
- Маған Жолдауда бизнесті дамытуға ерекше назар аударылған ұнады. Айта кетейін, шағын және орта бизнеспен айналысатын қәсіпкерлері көп ел – табысты ел. Кəсіпкерлік саясатқа, экономикаға жəне əлеуметтік тұрақтылыққа септігін тигізеді. Менің ойымша, бұл табысқа апаратын жол. Президент көптеген реформаларды жоспарлап отыр, біз бұл бағдарламаны қолдаймыз. Жолдаудың басты мақсаты – 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына ену. Бұл атқарылатын міндет деп ойлаймын.